Ақтөбе аэродромына әскери ұшақтар қонып жатыр

Жүк және әскери авиацияның Ақтөбе қаласындағы аэропорт арқылы транзиті 20-26 шілде аралығын қамтиды, делінген «Ақтөбе ақпарат» хабарламасында. Ақтөбеге уақытша тұрақтаған бұл ұшақтар Ресейге әскери шараға қатысуға бара жатыр.

Талғат Бигелдинов атындағы әуе күштері институты басшысының айтуынша, Қазақстан қарулы күштерінің көлік және әскери авиациясы Ресейде «АрМИ-2016» халықаралық әскери ойындарына қатысады.

Хабарларға қарағанда, әскери ұшақтардың қалаға қонуы туралы мәлімет Ақтөбе тұрғындары арасында жалған ақпарат тарамас үшін берілді.