Қала басшысының сөздеріне қарағанда, зауыт шығарған бір бөлке нан бағасының 50 теңгеге өсуі, "аймақта негізгі нан өндірушілері болып отырған "Ақтөбе-нан" АҚ бірінші сортты ұнның орнына, жоғарғы сортты ұнынан нан шығара бастауына байланысты".
"Соның нәтижесінде бір бөлке нан 46 теңгеден жіберліп, дүкендерде 50 теңгеге сатылатын болды", - деп атап өтті әкім.
С. Нокиннің айтқанындай, алайда "бұл Ақтөбеде 35 теңгелік нан сатылмайды деген сөз емес. Басқа нан өндірушілері азық-түлік тізімінің басында тұрған нанды 32 теңгемен сатады".