Аса тартысты өткен ойында екі тараптың ойыншылары да кездесудің алғашқы жартысында оңтайлы мүмкіндікті сәтті пайдалана алмады. Ойынға төрелік жасаған швейцарациялық қазы Саша Кевер Михрам Лалаға ескерту қағазын көрсетті. Ақтөбеліктер Нигерия ұлтық құрамасының қақпашысы Винсент Эньям қорғаған телавивтік команда қақпасында айтарлықтай көп қауіп төндіре алмады. Ал ақтөбелік команданың қақпашысы Аленксандр Сидельников керісінше бірнеше мәрте қауіптің бетін қайтарып, өз шеберлігін дәлелдеуге мәжбүр болды. Мұндай жағдай ойынның екінші жартысында да қайталанды. В. Мұханов үзілістен кейін алаңға Иван Перичтің орнына Мұрат Тілешовті шығарды. Одан кейін Евгений Аверченконы Аслан Дарабаев алмастырды. Бұл өзгерістер ақтөбеліктердің ойынына жаңа серпін бере алды. Кезекті шабуылдардың бірінде қонақтардың қақпашысы Дуглас Да Силва допты қолмен тоқтатып, төреші белгілеген 11 метрлік пенальтиде Самат Самақов алаң қожайындарын алға шығарды. Бұл есеп ойынның соңына дейін өзгеріссіз қалды. Сонымен 3-ші кезеңнің алғашқы кездесу ақтөбеліктердің (1:0) пайдасына шешілді. Енді қарымта кездесу тамыздың 3-і күні Телавивте өтеді. Екінші кезеңде Босния мен Герцеговинаның "Железничар" клубын 5:0 және 1:0 есебімен ұтқан Израилдің 13 дүркін чемпионы ендігі кездесуде барын салары күмәнсіз.