Әкімнің айтуынша, дәрі-дәрмек бағасын көрген кезде "жүрегі ауырған", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бердібек Сапарбаев аймақтағы емдеу мекемелері жетекшілерінің есебін тыңдап, олардың атқарған ісіне қанағаттанбады. Соның ішінде облыстық медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің басшысыныңдәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру туралы айтқаны өңір басшысының наразылығын туғызды.
"Неге жалған сөйлейсіз? Баға мүлде төмен емес, мен өзім түрлі дәріханаларға барып, бағаларды салыстырдым. Бір пайызға да арзандамаған. Сіз жеке баратын өз дәріханаңыз бар шығар. Қарапайым сатып алушы ретінде барлық бағаны салыстырдым. Мұндай бағадан менің жүрегім ауырып кетті. Әр дәріханада телефон болуы керек емес пе, мұндай бағаға қайда шағымданамыз. Оның үстіне өңір бойынша барлық жерде осылай. Кей аудандарда бағалар екі есе шарықтаған, сосын олар аудан орталықтарынан Ақтөбеге келуге мәжбүр. Осыдан дәріханаға жеткенше бір адам көз жұмсын. Мен адамдардың дәріханаларды мақтағанын естімегеніме көп болды", - деп сөкті Сапарбаев медицина қызметкерлерін.
Сонымен қатар, облыс әкімі шенеуніктердің өздері дәріханаларға келмейтінін және фармацевтердің меморандум ережелерін орындамай жатқанын қадағаламайтынын айтты. Бердібек Сапарбаев Ақтөбеде ерекше, дәрілер төмен бағамен сатылатын әлеуметтік дәріханалар құру мәселесін қарастыруды сұрады.