Ақтөбе гарнизонының әскери сотының жаңа төрағасы тағайындалды

"ҚР президентінің жарлығы бойынша бұл қызметке Қайрат Әзімбаев тағайындалды ", - деп хабарлады Ақтөбе гарнизонының әскери сот судьясы Ғалымжан Қарабаллин.

"Қайрат Әзімбаев 1968 жылы 30 желтоқсанды дүниеге келді. Соңғы бес жыл бойы Қостанай гарнизонының әскери сотының төрағасы болып жұмыс істеді", - деп атап өтті Ғ. Қарабаллин.

Оның ақпараты бойынша," ҚР президентінің сол жарлығы бойынша Ақтөбе облысы гарнизонының әскери сот төрағасы болған Байжанов Қыпшақ Сейдағұлұлы Қостанай гарнизонының әскери сот төрағасы болып тағайындалды".