Ал дәл осы уақытта Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында қарағандылық “Шахтер” өз алаңында литваның “Атлантас” командасын қабылдап жатыр. Одан бөлек Алматының “Қайраты” мен “Астана” сырт алаңда өз кездесулерін өткізеді.
Астанада Израильдың “Хапоэль” командасын 3:0 есебімен ойсыратқан қазақстандық ұжым келесі кезеңге өтуге бір табан жақын.Биылғы маусымда алдына биік мақсат қойып отырған “Астана” топтық раундқа жетуді жоспарлап отыр. Ал Алматыда 1:0 есебімен жеңіп тұрып соңғы минутта гол жіберіп алған “Қайратқа” Данияда оңайға соқпасы белгілі. “Хапоэль” мен “Астана” және “Эсбьерг” пен “Қайрат” арасындағы матчтар Астана уақытымен түнгі сағат 23:00 де басталады.
Қазақстандық командалар еурокубокта тартысып жатса, Еуропаның маңдай алды командалары жаңа маусымға мұхиттың арғы жағында дайындықтарын жүргізіп жатыр.
Америкада жергілікті “Лос Анджелес Гэлекси” командасымен жолдастық кездесу өткізген Луи Ван Галь шәкірттері 7:0 есебімен айқын жеңіске жетті. “Манчестер Юнайтед” сапында Уэйн Руни, Рис Джейм және Эшли Янг дубль авторы атанды. Сондай-ақ Дэнни Уэлбек те бір гол тоғытты. Америкада жолдастық кездесу өткізген “Манчестер Сити” 4:1 есебімен “Канзас Ситиді” ұтты.