Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Жедел-тергеу шараларының барысында күдіктілер Батыс Қазақстан облысы аумағында алты бірдей қылмыс (2 тонау мен 4 ұрлық) жасағандарын мойындады. Мәселен, қарақшылар беттерін тұмшалап, Ақсай қаласындағы кәсіптік техникалық мекеменің ғимаратына кіріп, күзетшіні байлап-матап, ішін тонап кеткен. Жалпы келтірілген шығынның көлемі 200 мың теңгеден астам.
Ресми өкілдің айтуынша, қазіргі таңда аталған қылмыстар бойынша дәлелдемелер базасын нығайту мен күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.