“Ақтөбе” мен “Динамо” командасының жанкүйерлері төбелесіп қалды


Жанкүйерлерді сабасына түсіру үшін Ішкі істер бөлімдерінің барлық жасағы тартылды. Жанкүйерлер ғана емес, ойын барысында «Ақтөбе» мен «Динамо» футболшылары да шекісіп қалды. Мұны көріп отырғандар трибунадан алаңға сусындардың бос шөлмектерін лақтырды. Әйтсе де ойын тоқтатылған жоқ. Нәтижесінде «Ақтөбе» Киевтің командасына 2:3 есебімен жол берді. Енді ақтөбеліктер 29-шы тамыз күні «Динамомен» Киевте қарымда мачта кездесетін болады. Былтыр алаңға жүгіріп шыққан украиндықтардың кесірінен ол ойынға жанкүйерлер кіргізілмей, бос стадионда өткенін айта кетейік.