«Ақтөбе» мен «Факел» футбол клубтары 2:2 есебімен тең түсті

Владимир Муханов жаттықтыратын «Ақтөбе» мен Константина Сарсания тізгінін ұстаған «Факел» футбол клубтары арасындағы бұл кездесу 2:2 боп аяқталды. Өткен маусымда воренеждіктер Ресей чемпионатындағы Ұлттық лигадағы 20 команданың арасында 19-орын алса, ақтөбеліктер Қазақстан Премьер лигасында 12 команданың ішінде 3-орын алып, қола жүлдегер атанған болатын.

«Ақтөбе» келесі жолдастық кездесуін сенбі күні Хорватияның Сплит қаласының "Раднички" командасымен өткізбек. Бірінші лигада өнер көрсететін бұл команда 2010/2011 жылығ маусымда қола жүлдегер атанған болатын. Бұл 29-қаңтардан бері Түркияда жүрген ақтөбеліктердің бұл жиындағы соңғы кездесуі болмақ. Олар 12-ақпанда елге қайтпақ.