Оқиға кеше кешқұрым болыпты. Куәгерлердің айтуынша, поляк жанкүйерлерінің бірі даяшыға дөрекі сөйлеп, тиісе бастаған. Бұған шыдай алмаған жергілікті жігіттер шет елден келген жанкүйерге жұдырық ала жүгірген. Ең қызығы бұл жәйт ішкі істер департаментінде тіркелмеген. Дегенмен, тәртіп сақшылары оқиға орнына келіп, шекісіп қалған жігіттерге араша түскен көрінеді.