Бұл туралы Ақтөбе облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.
Ақтөбе қаласында Әбілқайыр хан, Новокоперативная, ағайынды Жұбановтар, Шайкенов, Пацаев, Жағалау, Маресьев көшелерінің және Батыс-2, Угольник, Москва, Болашак аудандары мен 12-ші шағын аудандардарда іркілген су сорып алынды. Қазіргі кезде арықтар қоқыстан тазартылды.
Мұғалжар ауданындағы «Жұрын» агрометбекетінің деректері бойынша демалыс күндері айлық нормадан 3,5 есе артық мөлшерде жауын-шашын түскен. Қандыағаштағы су өткізу құрылыстары төтеннен келген табиғаттың тосын мінезін көтере алмады.
Екі тәулік бойы толассыз жауған жаңбырдың салдарын жою жұмыстарына барлығы 121 адам, 39 бірлік техника, 8 мотопомпа жұмылдырылды, оның ішінде: жергілікті атқарушы органдардан - 70 адам, 37 бірлік техника, 2 мотопомпа; ТЖД күштері мен құралдары бойынша - 51 адам, 2 бірлік техника, 6 мотопомпа іске қосылды. Барлығы 14384 текше метр су сорып алынды. тартылды.
Бүгінгі таңда жағдай тұрақталды, Ақтөбе облысының ТЖД күштері өздерінің тұрақты орындарына оралды.