Ақтөбе мен Қостанай жұрты көктайғақтың зардабын тартып жатыр

Ақтөбедегі коммуналдық қызмет жұмысшылары көше бойындағы көк мұзды ойып үлгермей жатыр. Сондықтан көпқабатты тұрғынүй ауласына әлі құм себілмеген. Ал көрші жатқан Қостанайдың әкім-қаралары мұзға айналған қаланы ретке келтіруге асығар емес. Тіпті облыс әкімдігіне қарсы жатқан орталық алаңда коньки тебуге болады. Ал қала сыртындағы жолдарға мүлдем тұз аралас құм себілмеген. Сондықтан көптеген жүк көліктері жолға шыға алмай, кәсіпкерлер шаш етектен шығынға батып жатыр. 

Loading...