Ақтөбе облысанда 12 отбасы тұрғылықты өмір сүру үшін Чехияға аттанды

Қазақстанмен қоштасу 26-шілдеде Ақтөбенің халықаралық әуежайында өтті. Чехия диаспорасын олардың туған-тусытары мен жақындары, сонымен қатар облыстық әкімшіліктің өкілдері шығарып салды.

Қоштасу салтанатында айтылғандай, алдағы бірнеше айларда Ақтөбеде тұратын барлық чехтар тарихи отандарына қайта оралады, ал олардың саны 150 адам.

Қазақстан халқы кіші ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жамбыл Баймұхаонвтың айтуынша, "бұл шешім Чехия үкіметінің Қазақстанда, нақтырақ айтқанда Ақтөбе облысында тұратын чех диаспорасын көшіру жөніндегі қаулысына байланысты өткен жылдың күзінде қабылданған".

Чехияның мемлекеттік бюджетінен соларға арнап қаржы бөлінген. Ақтөбелік чехтарға жолақы құны мен заттарын тасымалдауға қаржы бөлінген. Көшіп барғандардың барлығына да тегін баспана беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, ақтөбелік чехтарға тіл үйрену мен жұмыспен қамтамасыз етуге көмек көрсетіледі. Зейнеткерлік жасына жеткендерді зейнетақымен қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында 80 ұлттың өкілі болып табылатын 700 мың адам тұрады. Бұл жерде ұлттық-мәдени орталықтар жұмыс істейді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті