Ақтөбе облыстық ІІД көзі жойылған лаңкестер тізімін жоққа шығарды


Инстаграм әлеуметтік желісінде zello_aktobe тобында ақтөбеліктің видеомәлімдемесі пайда болды. Онда  ол көзі жойылған лаңкестердің тізіміне аты-жөнін нгізгені үшін кешірім сұрауды талап етті.

- Ақтөбелік қолында ұстаған суреттері бар тізімді біз әзірлемегенбіз және оны әлеуметтік желілер бойынша таратпадық. Тізімде zello_aktobe тобының қолтаңбасы бар. Ақтөбеліктердің бірі бұл тізімді өзі жасап, оған Данияр Уәйісовты енгізді деп ойлаймын. Біз мұндай сараптама жасамадық. Кімнің өлгені, кімнің жарақаттанғаны туралы ақпаратты журналистерге таратпадық, - деп мәлімдеді ІІД баспасөз хатшысы Ардагер Уайдин.