5-қыркүйекте "Мартық" кедендік бекеті арқылы өтуге әрекет жасаған "Мерседес" жүк тасушы автокөлігіне тиелген жүктің радиоактивтілік деңгейін тексерген кезде гамма-сәулесінің мөлшері шектеулі шамадан 31 есе артық болып шыққан. Сәуленің күші 620 мкр/сағатты құрады. Жүкті жіберуші Қызылордадағы "Мустанг-2001" ЖШС болса, қабылдап алушы - Литваның Клайпеда қаласындағы "Косма" компаниясы болып табылады.
8-қыркүйек күні кешкісін жүк тиелген көлік Қызылордадағы жүк жіберушінің қолына жетті. Ендігі жерде металлдарды түсіріп, сорттап радиоактивті көзді табу қажет. Қазіргі жағдаймен аталмыш оқиғаның анық-қанығына жету үшін Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті, облыстық СЭС және облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма өкілдерінен комиссия құрылды.