Осылайша күдікті үстіміздегі жылдың 5 наурызында әкелінген тергеу изоляторында бір аптадан астам уақыт қана болды.
Сонымен бірге, телеарна Тергеу-атқару жүйесі комитетінің Ақтөбе облыстық басқарма бастығының орынбасары Шанжархан Ықыласовқа сілтеме жасай отырып хабарлағандай, бұрынғы судья осы іс бойынша тергеу жалғасып жатса да, Астана қалалық сотының қаулысымен босатылған.
Өз кезегінде Ақтөбе облысының арнайы прокуроры Айдар Сағынбазаров телеарнаға облыстық соттың бұрынғы төрағасы екі тұлғаның тікелей кепіл болуымен босатылған. Алайда, ол екі тұлғаның аты-жөндерін атаудан бас тартты.