Ақтөбе облыстық спорт басқармасының басшысы футбол дауына байланысты қызметінен кетті

Ақтөбе облысының спорт басқармасының басшысы Ескендірбек Мақанов қызметінен кетті, деп жазады KazFootball.kz.



Ескендірбек Шәмілұлы Мақанов 2014 жылдың 3-ші қарашасы күні «Ақтөбе облысы спорт және дене шынықтыру басқармасының» басшысы қызметіне тағайындалған болатын. Ол қызметінде 2 жыл жұмыс істеген. Сайттың берген ақпараты бойынша, Мақанов «Ақтөбе» футбол клубының айналысында өрбіген дауға байланысты өз еркімен қызметінен кеткен.