Әлемнің батысы мен шығысынан шыққан көпес-саудагерлер жылына екі мәрте осы Ойыл өңірінде бас қосатын болған. Тауарларын саудалап арты ұлан асыр тойға ұласатын. Одан ескі жәдігер болып қалған қоймалар әлі күнге дейін сақтаулы. Этонофестиваль де осы маңда өтті. Оған өңірдегі барлық аудан өкілдері қатысып, әр ұлттың көпестерін сомдады. Әйтеке би ауданы тұрғындары керуен тартқан ағылшындарды сомдаса, мәртөктіктер екі күнге иран тұрғындарына айналды. Олар тек тарихи кейіпкерлерді сомдап қана қоймай, отандық өнімдердің таныстрылымына да ат салысты. Республикалық жыршылар сайысы да осы жерде ұйымдастырылды. Жергілікті атқамінерлер өткенді осылай еске ала отыра, бүгінгімізді де бүтіндемек болдық деп отыр.
Мавр Абдуллин, Ойыл ауданының әкімі:
-Елбасының көтеріп жатқан мәселелерінің барлығы шетелде болатын болса, облыстың алыс аудандарында да осы мәдениетті көтеріп, ескірген затты жаңартып, ұмыт қалғанды қайтадан еске алатын уақыт келді.