Ақтөбе облысы Хромтау аудандық ІІБ УАЗ маркалы 11 автокөлікке ие болды

Облыстық ІІБ баспасөз қызметінің өкілі, капитан Жанболат Жұмағазиннің айтуынша, бұл мақсатқа облыстық және аудандық бюджеттерден 22 млн. теңге бөлінді. "Бұрын автокөліктері жоқ бола тұра бір-бірінен шалғай жатқан елді мекендердегі тәртіпті шама-шарқынша қамтамасыз етіп келген тәртіп сақшыларының жұмысы жеңілдеп, сапасы жақсарады",- дейді Ж.Жұмағазин.

Әрбір көлік дабыл жүйесі, рация және ақпарат тарату жүйесімен, сондай-ақ, күдіктілерді тасымалдауға арналған камерамен қамтамасыз етілген.
Полиция капитанының айтуынша, сондай-ақ, бөлінген қаржыға Хромтау аудандық ІІБ-ның басшылығы өз қызметкерлеріне арнап 20 компьютер сатып алып, жұмыс киіміне тапсырыс беріп, Хромтаудағы 6 учаске инспекторына пәтерлер сатып алды.
Қазіргі жағдаймен, Хромтау ауданында 15 полиция бөлімшесі бар.