Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында төтенше жағдай жарияланды

- Кеше Қандыағашқа бардық. Төтенше жағдайлар бойынша комиссияның шұғыл отырысын өткізіп, Мұғалжар ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияладық, - деді Б.Сыздықов.

Б.Сыздықовтың сөзіне қарағанда, 23 шілдеде Мұғалжар ауданында қатты жауын салдарынан нормадан 3,5 есе көп жауын-шашын түсті: 22 миллиметрдің орнына - 79 миллиметр.

- 2 су өткізу құрылымын шайып өтті. Бұл көпірлер емес. Су 10 үйдің ішіне кірді, 7 үйден суды шығардық, 3 баспана бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 47 ауланы су басты. Алайда Қандыағаш қаласында адам өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, - деді Б.Сыздықов.


Синоптиктердің хабарлауынша, Ақтөбеде бұл апта жауын-шашынды б