Ақтөбе облысы Қазақстан және Ресейдің Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумын өткізуге толық дайын

"Бүгінгі жағдаймен Ақтөбеге екі президенттің күзет қызметінің мамандары, Қазақстан мен Ресейдің көптеген өңірлерінің журналистері мен шараның абсқа да қатысушылары келіп жатыр. Жалпы алғанда Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумы жайлы 70 жуық БАҚ ақпарат таратады",- деді К.Петров.

Ақтөбедегі форумда азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланып, облыстық әкімдікте екі елдің ірі кәсіпкерлерінің бизнес-форумы мен қаладағы "Қоныс" спорт сарайында тауар өндірушілердің көрмесі өтеді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Дмитрий Медведев Хромтау ауданына барады деп күтілуде. Ақтөбеге 700-ден астам өкіл келмекші. Қазақстан , Ресей, Татарстан және Дағыстан президенттері, Мәскеу мэрі Юрий Лужков пен Санкт-Петербург губернаторы Валентина Матвиенко келеді деп күтілуде.

Саммит күндері қоғамдық тәртіпті қадағалауды 3 мыңнан астам құқық қорғау органы қызметкерлері қамтамасыз етеді. Ақтөбедегі қонақүйлер мен мейрамханалар шараға дайын екендіктерін мәлімдеуде.