Ақтөбе облысына оралмандарға арнап үй сатып алу үшін республикалық бюджеттен 300 млн. теңге бөлінді

Оның айтуынша, бұл қаржы 680 оралман отбасына үйлер мен пәтерлер сатып алуға жеткілікті. Биыл облысқа дәл осынша қазақ отбасылары қоныс аударады деп күтілуде. Қоныс аударушылардың басым бөлігі (580 отбасы) мемлекеттік квота бойынша Өзбекстаннан, 75 отбасы Түрікменстаннан, қалғандары Ресейден көшіп келмек.

Ж.Оралмағанбетовтың айтуынша, биылғы жылдың бес айында Ақтөбе облысына 233 оралман отбасы көшіп келді. Олардың басым бөлігі Алға, Хромтау және Мартық аудандарына орналасты. "Қазіргі таңда Қазақстан азаматтығын алу үшін оралмандардың құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр",- деді басқарма басшысы.
ҚР көші-қон және демография агенттігінің мәліметі бойынша, бүгінде Ақтөбе облысында 6,5 мың оралман тұрады.