Оның айтуынша, радиоактивтілік көрсеткіші 1 милликюриді құрайтын үш дақ түріндегі радиоактивті заттар Хромтау трассасының 84-ші шақырымында 10 см-ге жетпейтін тереңдіктен табылған. Заттардың салмағы 15 килодан асады. "Изотоп дайындаушы кәсіпорында қиыршық тасты ұнтақтаған кезде түсіп кеткен болуы мүмкін. Ондай кәсіпорындарда технологиялық процесс барысына бақылау жасайтын радиоизотоптық аспаптар болатыны белгілі",- деген болжам айтады ғалым.
Дақтардан 1 метр биіктікте сәуленің таралу қуаты 100 микрорентген/сағатты құрайды. Бұл шектеулі шамадан үш есе артық.
Радиоактивті заттарды 15-ақпанға дейін бұрынғы Семей сынақ аймағының маңындағы "Байкал-1" қоймасына тасымалдап көму көзделіп отыр.