Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, 27-наурыз күні жексенбіде Ақтөбе қаласының іргесіндегі Заречный ауылында оперативтік қызметкерлер 30 жастағы Ақтөбе тұрғынының автокөлігін тоқтатады. Тәртіп сақшылары автокөлікке толтыра сөмкелер тиелгеніне назар аударады. Тексеру барысында сөмкелерге өсімдік тектес заттың салынғаны анықталып, сараптама қорытындысы оның марихуана екенін айғақтап берді.
Есірткі автокөлікте отырған 26 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғынына тиесілі болып шықты. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
ІІБ-ың хабарлауынша, бұл - облыс бойынша биылғы жыл басынан бері тәркіленген алғашқы ірі партия. 2004-жылдың қараша айында тәртіп сақшылары 128 кило марихуана тапқан.