Ақтөбе облысында 2004-жылы өндірісте 17 адам қаза тапты

Оның айтуынша, былтыр қайғылы оқиғалардың басым бөлігі мұнайгаз және құрылыс бизнесі саласында болды. Ж.Жұбаназаровтың айтуынша, 2004-жылы өндірісте жарақаттану көрсеткіші 2003-жылғымен салыстырғанда 20 проценттен асты.

Өткен жыл қорытындысы бойынша өндірістегі қайғылы оқиғалар дерегіне сәйкес 52 материал құқық қорғау мекемелеріне тапсырылды. Соның ішінде 28 іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тексерулер нәтижесінде 5 лауазым иесі жұмыстан босатылды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысындағы 71 жұмыс беруші мен кәсіпорын мамандарына 828 мың теңгенің айыппұлы салынды.