Облыстық әділет басқармасының мәліметтері бойынша, балаларды асырап алу деректері Ақтөбе қаласында тіркелді. АҚШ азаматтары жетім қалған 14 баланы, испандықтар-жетеуін асырап алды. Төрт бала өзінің ата-анасын Германиядан тауып алса, екеуі Францияға аттанды. Ал Канада мен Өзбекстанның екі азаматы бір-бір баланың ата -анасы атанып, елдеріне оралды.
"Балалардың ішінен көбінесе жергілікті ұлт өкілдерінің бес жасқа дейінгі балалары асырауға алынып тіркеледі ", - деп атап өтті облыстық әділет басқармасының бастығы Айдын Тұрғанбаев.
Аймақта 2007 жылы 211 бала асырауға берілгендігі жөнінде мәліметтер тіркелді, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 12% төмен.