Ақтөбе облысында 2008 жылы халықты сумен қамтамасыз етуге 1 млрд астам теңге жұмсалады

Бұл қаржыға көбінесе ауылдық жерлерге есептелген алты жоба қаржыландырылады, деп хабарлайды әкімшіліктегілер. 2008 жылы сумен қамтамасыз ету проблемасын шешуге өткен жылғыдан 192,3 млн теңге артық жұмсалды.

2007 жылы облыста ауылдық аумақтарды дамыту мен "Ауыз Су" бағдарламаларын жүзеге асыруға облыстық және республикалық бюджеттерден су қамтамасыздығы нысандарын жаңалау мен күрделі жөндеуге 896,7 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға облыстағы 19 елдімекенде 79,8 шақырым су құбыры желілерін жөндеуге мүмкіндік туды, бұл осындағы су қамтамасыздығы ахуалын жақсартуға жол ашты.

Атап айтсақ, Мартық, Ойыл, Қарғалы, Байғанин, Ырғыз және Алға аудандарын сумен қамтамасыз ету нысандары пайдалануға берілді.

Ақтөбе облысында 670 мыңнан астам адам тұрады.