Ақтөбе облысында 211 мектеп түлегі “Алтын белгіден” үміткер

Осы жылы “Алтын белгіден” үміткерлердің саны 76 адамға немесе 56 процентке артты, деді ол. Бірақ Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша үміткерлердің саны азая түсуі мүмкін. Мәселен былтыр “Алтын белгі” алудан үміткер 135 баланың небәрі 100-і ғана өз білімдерін дәлелдеп шыққан.

Қазіргі жағдаймен Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже ретінде бір талапкер жинаған 117 балл саналып отыр. Ал былтыр облыстық физика-математика мектебінің түлегі 120 балл жинап рекордты көрсеткішке қол жеткізген болатын.

Биыл Ақтөбе облысында Бірыңғай ұлттық тестілеуге арналған 12 бөлімше жұмыс істеді. 8,4 мың мектеп түлегі тест сынақтарынан өтті. Бұл жалпы мектеп бітіргендердің 85 процентіне тең.