Бұл жұмысты негізінен тарих факультетінің оқытушылары мен студенттері жүргізбек. Бұдан бөлек облыс әкімдігінің қолдауымен қыркүйек айында «XYIII ғасырдағы қазақ хандығы. Уақыт, тұлғалар, тағдырлар» деген атпен халықаралық ғылыми іс-шара ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ Әйтеке би ауданындағы Әбілқайыр хан жерленген жерге ескерткіш тақта орнатылып, Әбілқайыр, Абылай мен Тәуке ханның ел тұтастығын дамытуға қосқан үлестері зерделенеді. Дөңгелек үстелдер, патриоттық шаралар өткізіліп, қазақ хандарының өнегелі істері кеңінен насихатталмақ.
«Зерттеу жұмыстарын жүргізіп, халыққа насихаттап, тарихи сананы қалыптастыруымыз керек. Яғни Қазақ елі бірге болған. Біздің университетте де көптеген шара ұйымдастырылып жатыр. Соның бірі – Қазақ хандығының дәуіріне байланысты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болмақ», - деді тарих ғылымдарының кандидаты Самат Есқалиев.