"Ақтөбе облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 29-мамырда Ақтөбе облысының екі тұрғынын ұстады. Олардың бірі "Пантелей" деген лақап аты бар қылмыстық ортаның серкесі. 1998-жылы ол билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айрылған",- деді Б.Қожахметов. Оның айтуынша, 21-мамырда тұтқындалғандар Алға ауданының тұрғынын қанаушылық мақсатында егіс алаңына әкеліп, моншада бір тәулік бойы ұстаған. "Оны шынжырмен матап, қатты соққыға жыққан. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды",- деді ол.
Сонымен бірге Б.Қожахметовтың айтуынша, өткен аптада РФ шекаралық аудандарымен облыстарымен ықпалдастық шараларының аясында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Оралда өткен жылғы қыркүйекте аса ірі көлемде есірткі сатқаны үшін Грозный құқық қорғау органдары іздестіріп жатқан Шешенстан азаматын құрықтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті