Ақтөбе облысында әйел адамды пойыз қағып кетті

Ақтөбе стансасының Көліктегі ішкі істер желілік басқармасының полицейлері қаза болған әйелдің кім екенін анықтау үшін тұрғындардан көмек сұрауда.

Әйелдің жасы - 20 мен 30 аралығында, бойының ұзындығы - 150-160 см. Шашы қысқа, қара түсті. Үстінде жасыл түсті курткасы болған. Сол жақ білегінде алтын алқасы бар.