Ақтөбе облысында Ан-2 ұшағы құлады, құрбан болғандар жоқ

Ұшақта экипаждың екі мүшесін қосқанда барлығы 12 адам болған. Республикалық обаға қарсы күрес институтының қызметкерлері Арал теңізіндегі Возрождение аралына бет алған. Ұшақ Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы обаға қарсы күрес станциясында уақытша аялдаған көрінеді. 18-мамыр, сейсенбіде Астана уақытымен 11 сағат 40 минутта ұшу алаңынан көтеріле берген ұшақ бірнеше секунд өтпей 50 метр биіктіктен құлап түскен.

Зардап шеккен үш адам облыстық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. Олардың екеуі ауыр халде, ал үшіншісі кома жағдайында көрінеді. Ал зардап шеккен басқа адамдар М.Оспанов атындағы Медицина академиясына жатқызылды.
Ұшақ Қостанайдың "Арай-АВИА" әуе компаниясына қарасты.