Ақтөбе облысында астық түсімі өткен жылдан 3,8 есеге артық

Өткен жылы диқаншылар 126 мың тонна астық жинаған. Үстіміздегі жылы, облыстық ауылшаруашылық департаментінің диқаншылық бөлімінің бастығы Жалтұма Рахметовтың ақпараттарына сүйенсек, егін алқабынан 486,9 мың тонна астық жиналған.

Облыс бойынша орташа егін түсімі бір гектарға шаққанда 8,3 центнерді құрап отыр. "Бұл айтарлықтай жоғары көрсеткіш",- деп атап өтті Ж. Рахметов. Егін түсімділігі бойынша Мартуск ауданы алда - бір гектарынан 9,8 центнер астық жинаған, Қарғалы - 9,3 центнер, сондай-ақ Ақтөбенің шетіндегі ауылдар - бір гектарынан 9 центнерден жинаған.

Ауылшаруашылық департаментіндегілер астықтың бітік шығуын "табиғаттың сыйы" деп түсіндіруде.

Ж. Рахметов сондай-ақ, облыс шаруалары күзгі егін жұмыстарына кірісіп кеткендігін, атап өтті. Ақтөбе облысындағы егін алқабының жалпы ауданы 661 мың гектарды құрайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті