Ақтөбе облысында аудандық ІІБ-ның жаңа ғимараты салынатын болды

Баспасөз қызметі басшысының хабарлауынша, Алға аудандық ІІБ-ның қазіргі ғимараты 1936-жылы салынған. Бүгінде ғимараттың қабырғасы мен төбесі үгітіліп, едендерін дым тартып, жылыту жүйесі істен шығып, ғимарат жалпы жарамсыз болып қалған.

Аудандық ІІБ-ның жаңа ғимараты басты орталыққа айналмақ. Басқармаға учаске инспекторлары мен олардың көмекшілері жұмысқа қабылданады. Сонымен бірге оны кем дегенде бес автокөлікпен, компьютерлермен, жаңа байланыс құралдарымен, ал тәртіп сақшыларын баспанамен қамтамасыз ету көзделіп отыр.
ІІБ-ның хабарлауынша, 20 мың адам тұратын Алға ауданында қазіргі таңда небәрі 17 учаске инспекторы жұмыс істейді. Тәртіп сақшылары санының тапшылығына байланысты 2004-жылы тіркелген қылмыстардың ауқымды бөлігі облыс бойынша Алға ауданының үлесіне тиді.