Бақытжан Өтебаевтің мәліметтеріне сүйенсек, күдікті, Павлодар облысының Ертіс ауданының Кутузов ауылының түлегі жоғарғы оқу орнының бірінші курсында оқиды.
"Екі ай бойы, маусым және шілде айларында ол жоғарғы оқу орнынан өз бетінше кетіп, азаматтық киімді ауыстырып киіп, қылмыстық іспен айналысқан",- деп атап өтті әскери прокурордың орынбасары. Бақытжан Өтегеновтың айтуынша, курсант көшеде әйелдердің сөмкелерін жұла қашып, қылмыс орнынан бой тасалап отырған. Екі ай ішінде ол қалада барлығы он әйелге тонаушылық жасаған. "Әрбір оқиғаның заттай дәлелдері бар",- деп қосты ол.
Қазіргі уақытта ұсталған уақытша тергеу изоляторына қамалған, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. "Алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін біз Әуе қорғаныс күштері әскери институтының басшылығы атына осындай қылмыстарға жол беретін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс жолдаймыз",- деп атап өтті Ақтөбе гарнизонының әскери прокурорының орынбасары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті