Ақтөбе облысында бірлескен кәсіпорында жұмысшы қаза тапты

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқыс оқиға Қазақстан мен Австралия бірлескен "Восход-Oriel" ЖШС-інде, Хромтау ауданында болған.

Бітеліп қалған құбырды жөндеу барысында бір шахтада 30 жастағы жұмысшының үстіне кран құлаған. Басынан ауыр соққы алған жұмысшы оқиға орнында жан тапсырды.

Бұл дерек бойынша арнаулы комиссия тексеру жүргізіп жатыр.