"Полиция Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласынан шыққан танымал ұйымдасқан қылмыстық топтың облыстағы кәсіпкерлерден бопсалау арқылы ақша жинайтындығы жөнінде ақпарат алған", -деді Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Алмат Иманғалиев.
"Бұл деректі тексеру барысында ондай жайттың расында да болғаны анықталды. Мәселен, ұйымдасқан қылмыстық топтың бірнеше мүшесі 24 жастағы кәсіпкерді қала сыртына алып шығып, соққыға жығып, пышақпен қорқыта отырып 1 млн теңге талап еткен", - деді ол.
Полиция ақпаратына сәйкес, арнаулы шаралардың нәтижесінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері қажетті дәлелдерді жинап, Қандыағаш қаласының екі тұрғынын құрықтады.
Қазір олар тергеу абақтысында отыр, тергеу амалдары жүргізілуде.