Ақтөбе облысында боран соғады деген ескерту жарияланды

""Қазгидрометтің" мәліметіне сәйкес, 26 - 27 ақпанда облыста қатты боран соғады деп күтілуде", деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Тамара Гатауллина. Оның айтуынша, "желдің жылдамдығы секундына 17 - 22 метрге, кей жерлерде 28 метрге дейін жетеді".

Осыған байланысты облыс орталығы мен аудан тұрғындарына күн райы бұзылатын күндері елдімекендерден шықпауға және қауіпсіздік шараларын алуға ескерту берілді.

Сондай-ақ, бас маманның айтуынша, бүгінгі жағдаймен боран кездерінде қар құрсауында жиі қалатын Ақтөбе - Орск және Ақтөбе - Хромтау бағытындағы жолдар жабылып, бұл жерлерде "Қазавтодор" кәсіпорнынның ммандары жолдарды қардан тазарту үшін жұмыс істеуде.