Ақтөбе облысында бүтін бір ауылды су шайып кетті

Демалыста тыныш жатқан Бекқұл баба ауылының тұрғындары бір түнде аяқ асты әбігерге түсті. Күн күрт жылынып елді-мекеннің шетіндегі үйлердің ауласын су басып қалған.     

Нұржанат Сәрсенова, Бекқұл баба ауылының тұрғыны:

-Мынау суға кетіп жатырмыз. Көршілерім кетіп жатыр. Мектепке баратын балаларымыз бар. Шығара алмай отырмын.

Айымгүл Сәдірбаеваның үйіне резеңке етікпен де жету мүмкін емес. Көршілері істеп берген аспалы сатымен сыртқа шығады.

Айымгүл Сәдірбаева, Бекқұл баба ауылының тұрғыны:

-Аралда тұрғанмен бірдей. Менің көршілерім қайта көмектесіп анандай саты жасап берді әрі қарай шамалы шығып кетуге. Бірақ екі балам үйде отыр.

-Бекқұл ата ауылының іргесіндегі отызға тарта үйдің ауласын су шайып кеткен. Егер өзен арнасынан асып, таудың суы еритін болса, бүтін бір ауыл қызыл судың астында қаламыз деп қорқады.

Жергілікті атқамінерлер қауіпті деп саналған үйлерге көлікпен құм жеткізуде.Ал су арналарын бұруға қолайсыз күн райының кедергі келтіріп тұрғанын айтады. Себебі кеше күн күрт жылынғанымен, артынан қар жауып, бұрқасынға айналды.


Бақұзақ Дарин, Блогодар селолық округінің әкімі

-Ауа-райы да құбылмалы. Бірде шамалы салқындап кетеді. Енді бұрынғы жылдағыдай жылып қапыл келіп қалды. Соның несінен кішкене төтеп беріп табиғаттың дүлей күшіне соған барлық күшімізді жұмылдырып, жұмыс жасап жатырмыз.

Қазір өңірдегі су қоймаларынан бастап, қауіпті деп саналған барлық нысанға тәулік бойына кезекшілік қойылған. Тіпті, тікұшақпен бақылап жүр.