"Қазақстан бойынша орташа тариф 22 мың теңге екеніне қарамастан, Ақтөбе облысында бір адамды емдеп шығаруға 9250 теңге бөлінген",- деді М.Коржева.
Сонымен бірге оның хабарлауынша, Ақтөбедегі құрт ауруын емдеу диспансерінің жұмысынан көптеген заң бұзушылық деректері әшкереленді. Біріншіден, құрт ауруы диспансері қала аясында орналасқан, айналасы дуалмен қоршалмаған және өткізу бекеті жоқ. Тәртіп бойынша белгіленген 550 адамның орнына 600 адам емделіп жатыр. Диспансер басшылығы республикалық бюджеттен бөлінген 2,5 млн. теңгені күні бүгінге дейін алмаған.
2004-жылы дерттің ең қатерлі түрі болып саналатын мультирезистентті құрт ауруына шалдыққан 750 адамның небәрі 180-і емделіп шыққан.
"Егер құрт ауруының жай түрін емдеу үшін бір адамға 100 доллар жұмсалса, мультирезистентті құрт ауруын емдеуге кем дегенде 5-6 мың доллар қажет. Сол себепті науқастарды аз емдеуді ақтөбелік дәрігерлер негізгі ақша үнемдеу жолына айналдырып алса керек",- деді М.Коржева.
Сонымен бірге М.Коржеваның хабарлауынша, сауалнама қорытындысы Ақтөбедегі стационарларда емделушілердің 70 проценті дәрі-дәрмекті өз есебінен сатып алуға мәжбүр болса, науқастардың 22 процентінің ауруханалардағы тамақ сапасына көңілі толмайды.
2003-жылы Ақтөбе облысы құрт ауруына шалдыққандар санымен республика көлемінде бірінші орында болды.