Ақтөбе облысында электр энергиясы, газ қымбаттады

орта есеппен 2,3 пайызға қымбаттатты. Бұл туралы сәрсенбі күні облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті хабарлады.

Жеке тұлғалар үшін орташа тариф (ҚҚС қоса есептегенде) электр қуатының 1 кВТ/сағаты үшін 9 теңге 69 тиынды, қалған тұтынушылар үшін 17 теңге 33 иынды құрады.

Хабарламаға сүйенсек, электр плиталарын тұтынбайтын тұрғындар үшін мынадай тарифтер белгіленді: 1-деңгей – электр қуатының 1 кВ/сағаты үшін 9 теңге 16 тиын, 2-деңгей – 11 теңге 63 тиын, 3-ші деңгей – 14 теңге 54 тиын.

Ал, электр плиталарын пайдаланаты тұрғындар: 1-ші деңгей – 9 теңге 07 тиын, 2-ші деңгей – 11 теңге 63 тиын, 3-ші деңгей – 14 теңге 54 тиын.

1-қаңтардан бастап «Интергаз Орталық Азия» АҚ тауарлық газды магистральді құбырлар арқылы тасымалдау тарифін қымбаттатты. Жаңа тариф бойынша көгілдір отынның 1 мың текше метрін тасымалдау құны 1380 теңгені құрамақ. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне компанияның баспасөз хатшысы Аймырза Жаманқұлов мәлім етті.


Газ тарату құбырлары қызметін пайдаланатын тұрғындар тасымалдау құны мен ҚҚС есептемегенде көгілдір отынның 1 мың текше метрі үшін 4 мың 186 теңге 76 тиын, газды «АқтөбеМұнайФинанс-газ» компаниясынан алатын тұрғындар 4 мың 288 теңге 76 тиын төлейді.

Ал, тарату құбырынан алынатын құрғақ газды тұтынатын тұрғындар 6 мың 974 теңге 50 тиын төлеуі тиіс.