Мекеме ақпаратына сәйкес, 3-ақпанға қараған түні Береке шаруа қожалығынан трактормен 9,5 шақырымдағы Шахты ауылына бет алған төрт адам қарға қамалып қалған. Сөйтіп олардың екеуі жаяу ауылға көмек сұрауға аттанып, 1938-жылғы әйел мен 1968-жылғы ер адам құтқарушыларды күтіп сол жерде қалады.
Алайда келесі күні таңертең Шалқар аудандық орталығынан келген 15 адамы бар құтқарушылар тобы оларды өліп жатқан жерінен тауып алды. "Адамдар жаппай үсікке шалдығу салдарынан қаза тапқан", деп хабарлайды департамент.
Департамент ақпаратына сәйкес, қазіргі жағдаймен Ембі-Шалқар бөлігінен басқа облыстағы барлық жолдар ашылды. "Жолдың осы бөлігі ұдайы қар басып қалуға байланысты қиындық тудырады", дейді департаменттегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті