Ақтөбе облысында емшілік кәсіппен заңсыз айналысып жүрген адамдарды әшкерелеу мақсатында рейдтер жүргізілуде

Рейдтерді облыстық денсаулық сақтау басқармасы экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаменті қызметкерлерімен бірлесе жүзеге асырады.

Т.Бажыровтың хабарлауынша, емшілік кәсіппен заңсыз айналысып жүргендерді әшкерелеу үшін жергілікті БАҚ-тарда жарияланған жеке хабарландырулар пайдаланылады. Мекеме қызметкерлері сонда көрсетілген мекен-жайларға хабарласып, емшілердің дәрігерлік тәжірибемен айналысуға лицензиясы бар-жоқтығын анықтайды. Рұқсат беретін құжаттары жоқ болып шаққан жағдайда бұл адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Шараны ұйымдастырушылар емшілік кәсіппен шұғылданатын адамдарды жаппай анықтап, оларға "өздерінің ерекше қасиет- қабілеттерін көзбе-көз дәлелдеп беру" туралы ұсыныс жасалады.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, Ақтөбе облысында қазіргі жағдаймен мемлекеттік лицензия алып, ресми тіркелген небәрі төрт қана халық емшісі бар.
Рейд он күнге созылады.