Ақтөбе облысында ер адам 14 жастағы қызбен бірге тұрған

Ақтөбе облысы Ноғайты ауылында жас жігіт 14 жастағы қызбен бірге тұрған, деп жазады Sputnik "Диапазон" жергілікті басылымы.

Полицияға 19 жастағы ер адам мен жасөспірім қыздың қарым-қатынасы туралы белгілі болған. Құқықбұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот жүргізілді.

Жас жігіт үш жылға бостандығын шектеу жазасына кесілген. Сол уақыт аралығында сотталған азамат ойын-сауық орындарына бара алмайды әрі полицияға тұрақты келіп тұруы қажет.