Бұл туралы Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Aktobenews.kz хабарлады.
Түнгі сағат 2.45-те Мұғалжар аудандық ішкі істер бөліміне қарасты Ембі қалалық ішкі істер бөліміне орталық есіктен белгісіз ер адам кіріп келген. Оның үстіндегі киімі өртке оранып жатқан. Кезекшілер жалынды сөндіріп, бірден жедел жәрдем қызметін шақырады. Бірақ бәрі кеш болатын. Ер адам сол жерде көз жұмды. Қазір өзіне-өзі қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Тергеу мәліметі бойынша, 39 жастағы ер адам отбасы жағдайына байланысты суицид жасаған көрінеді. Осы оқиғаға дейін ақпанның екісі күні оның әйелі көз жұмған болатын. Өзін-өзі өлімге қиғаны туралы сол түні ер адам туған-туыстарына хабарлапты.