"Өткен аптаның ортасында Орынбор облысының Черноречье ауылында әзірге белгісіз себептермен үйлердегі шошқалар африка обасымен жаппай ауырғаны белгілі. Осы аурудың көршілес өңірлерге таралуының алдын алу мақсатында Орынборға шекаралас Қазақстан облыстарының өкілдері шақырылған", - деп түсіндірді Ақтөбе облыстық мемлекеттік бас мал дәрігерлік инспекторы Айсағали Айжарықов.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Орынбор облысында болған оқиғаға байланысты карантин жарияланған. Ал Черноречьеде диагноздары расталған 200 шошқа жойылған.