Ақтөбе облысында газ бағасы екі есе қымбаттайды

Басқармада атап көрсеткеніндей, газ бағасының қымбаттауы - табиғи газды тұтына бастауға байланысты. Атап айтсақ, облыс тұрғындары көктем және жаз маусымдарында Жаңажол кенішінде өндірілетін ілеспе газды жағады. Ал күз және қыс маусымдарында ілеспе газдың жеткіліксіздігінен табиғи газ тұтынылады. Биыл бұл мақсаттағы табиғи газ Өзбекстаннан сатып алынбақшы.

Жалпы алғанда, Ақтөбедегі газ шаруашылығы басқармасында 60 мың тұтынушы тіркелген, олардың 18 мыңы жеке меншік секторда тұратындықтан өз үйлерін табиғи газ көмегімен жылытады. Тұтынушылардың тең жартысында есептегіш құралдар жоқ.