Ақтөбе облысында ішіндегі 52 адам өртеніп өлген автобустың видеосы пайда болды

Тас жолда өртеніп жатқан автобустың видеосы instagram желісінде пайда болды. Онда барлық көліктердің қозғалысы тоқтатылғанын көруге болады.

Еске салсақ, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының Қалыбай ауылы маңында Икарус маркалы жолаушылар автобусы өртке оранып, 52 адам көз жұмды деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 5 адам өз күшімен сыртқа шығып үлгерген.

Көз жұмғандардың барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары көрінеді.