Қазір мобильді мониторингтік топтардан және жергілікті полиция қызметінен түскен материалдарға сәйкес, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша анықталған бұзушылықтар үшін 169 млн теңгеден астам 1251 айыппұл салынды.
«Координациялық орталықтардан түскен шұғыл хабарлама негізінде жоспардан тыс 19 тексерулер жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 18 объектіге 5 028 180 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар шектеу карантиндік шараларын бірнеше рет бұзған 13 нысан бойынша материалдар қызметін тоқтату үшін әкімшілік сотқа берілді», - делінген хабарламада.
Бұзышылардың көбі - салтанатты, отбасылық, ұжымдық іс-шаралар өткізген қоғамдық тамақтану объектілері, жасырын жұмыс істеген караоке, компьютерлік клубтар. Олардың ішінде: «Диана», «Андр», «Салтанат сарайы», «Дулат», «1001 түн», «Ғарыш», «Нұр», «Хан Орда» мейрамханалары, «Душа» караоке клубы, «Virtual club», «Sun STRIKE» ойын (компьютерлік) клубтары және т.б.