Кеденшілердің ақпаратына сәйкес, есірткі "Ташкент-Челябинск" және "Ташкент-Уфа" арасында қатынайтын жолаушылар поезымен жолға шыққан екі Өзбекстан азаматынан алынды. "Бірінші жағдайда 3,5 килограмм героин 51 жастағы өзбек азаматының етігінің табаны мен екі спорттық сөмкесінің жасырын түбінен табылды",- деп хабарлайды департамент. Есірткі тасушының айтуынша, ол есірткіні "Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында тәжік азаматынан алып, Ресейде сатпақ болған".
Сонымен бірге, кеденшілердің хабарлауынша, "Ташкент-Уфа" поезын "Жайсан" өткізу бекетінде тексерген кезде отарбаның купелі вагонының жолсерігінен қос түбі бар сөмке табылды. Одан жалпы салмағы 2,4 килограмм болатын героин табылды. "Тұтқын алдын-ала тергеуде сөмкені оған Ташкент вокзалында Уфада тұратын бауырына деп оның көршісінің ұлы берген, сол себепті ол сөмкенің ішінде не бар екеніне назар аудармаған-мыс",- деп хабарлайды департаменттегілер.
Қазіргі жағдаймен күдіктілер уақытша тергеу абақтысында отыр. Оларға қарсы есірткі контрабандасы, сақтау және тасымалдау деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті